SlideShare une entreprise Scribd logo
1  sur  26
Télécharger pour lire hors ligne
Заманауи адам құқықтары/ адам
құқықтарының әмбебаптығы
(универсальность прав человека)
Ғалым Жүсіпбек, Алматы, 05. 03. 2024 (Азаматтық мектеп/ҚЖАҚ/МИСК)
жалпыға ортақ адами қадір-қасиеттің қабылдануы, моральдік құқықтар,
кімдікті, мәдениетті деколониал тұрғыдан жорамалдау
1 Cұрақ :
МЕМЛЕКЕТТЕГІ, әлеуметтік өмірдегі/ әлеуметтік ғылымдардағы “ ең үлкен
байлық/ құндылық” не?
1 Сұрақ
• МҮМКІН ЖАУАПТАР
• жер, тәуелсіздік, егеменді
к

• жерасты, жерүсті байлықтар/ табиғи ресурстар (мұнай, газ, алтын
және т.б.]
• елдің рейтингі/ бедел
і

• отбасы, туыстар, адами қатынастар, достар,
• тіл, дәстүр, дін, өзіндік дүниетаны
м

• бейбітшілік, тұрақтылы
қ

• адам баласы- ең үлкен құндылық/байлы
қ

• Адам құқықтары ұғымына көшейік
Сұрақ 2:
Адам өмірі үшін ең маңызды деп санайтын бес нәрсені атаңыз
Сұрақ 3:
Адам құқығы/құқықтары ұғымын естігенде ойыңызға не келеді?
Сұрақ 2 & 3:
МҮМКІН ЖАУАПТАР
• жеке қауіпсіздік; жақындардың және отбасы қауіпсіздігі, сенімділік; сөз бостандығы, пікір
бостандығы; өмір сүру құқығы; еркіндік; жеке тұлғаның шекаралары, демалу, жеткілікті ұйықтай
білу; [гигиенаға лайықты] дәретхана/ жуынатын бөлме; қозғалыс еркіндігі; білім алу құқығы;
денсаулық; өмір салты мен өмірлік ұстанымдар, көзқарастар ұстану еркіндігі, діндер мен
дәстүрлерді ұстану, жақсы көретін адамды сүйе білу және олармен бірге өмір сүру (таңдау
еркіндігі); үйлену (үйленбеу), кез келген дінге сену немесе сенбеу (атеист немесе агностикалық
адам болу); шығармашылық; жалақының «лайықты» деңгейде болуы, таза ауа мен таза ауыз су,
жеткілікті және сапалы қорек, наразылық білдіру, бейбіт шеруге шығу, биліктен есеп талап ету,
өмірге лайықты инфрақұрылым, жеткілікті зейнет ақы, әлеуметтік қорғау, босқын
жағдайындағыларға керекті көмек, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды қорғау мен оларға жағдай жасау,
жаратылыстан келетін/ биологиялық себептерге байланысты қайсы бір алалауға/дискриминацияға
ұшырымау, зорлық-зомбылыққа (5 түрі болады) ұшырамай өмір сүру, әділ сот, қоғамдық тәртіп,
интернет.
• 2 мен 3 cұрақтардың жауаптары ұқсас болып келеді. Неліктен? Себебі адам құқықтары — біздің
қажеттіліктеріміз! Олар біздің өміріміз, олар біз!
Сұрақ 4
АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ ҚАНДАЙ НЕГІЗІ БАР?
ОЛАРДІ КІМ БЕРЕДІ?
Ата-заң/ конституция немесе халықаралық құжаттар ма?
4 Сұрақ жауабы: АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ НЕГІЗІ — АДАМНЫҢ АДАМ
БОЛУЫ
Құндылық негіз — адам баласының туа-біткен қадір қасиетін құрметтеу
-Адам құқықтары өздігінен, тек қана біздің адам болу табиғатымыздан бар десек болады.
 

-Адам болып жаратылуымыз адам құқықтарының НЕГІЗІ!
-Адам құқықтарын ата-заң/конституция және басқа да заңдар бермейді. Біздің адам болуымызды олар
анықтамайды ғой! Алайда заңдар мен халықаралық құжаттар адам құқықтарын таниды, мойындайды
және қорғауға алады. Мемлекеттер халықаралық құжаттарға қосылу нәтижесінде саяси және
құқықтық міндеттемелер алады.
-Адамның туа біткен қадір-қасиетін құрметтеу — заманауи адам құқықтары тұжырымдамасының
құндылық негізі.
Адамның қадір-қасиетін қалай тұжырымдаймыз сұрағы төнірегінде пікірталастар көп, алайда әлемдегі
алуан түрлі зайырлы және діни пікір ұстанатын ойшылдардың мәмілеге келгені: «әр адам — адам
баласы болғаны үшін ғана туа-бітті құндылыққа ие және осы туа-бітті құндылықты өзгелер мойындап,
құрметтеу керек»
-Адам құқықтары мен жалпыға ортақ адами қадір-қасиет ұғымдары бір бүтіннің екі жартысындай.
-Адам құқықтарының жалпыға ортақтығын эмпатия арқылы білуге болады, м/ы, әйел құқықтары мен
гендерлік теңдікті, бала құқықтарын эмпатия арқылы түсіну маңызды.
Заманауи адам құқықтары түсінігінің саяси және құқықтық іргетасы "Адам құқықтарының
жалпыға ортақ декларациясы" мен екі «бауырлас конвенция» негізінде қаланған.
(1966 жылғы “Азаматтық және саяси құқықтар” мен “Экономикалық, әлеуметтік және
мәдени құқықтар туралы халықаралық конвенциялар)
Адамзат тарихындағы ең маңызды адам құқықтары құжаты - АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ
ДЕКЛАРАЦИЯСЫ, 1948 ж. 10 желтоқсанында қабылданды, «Адам құқықтары күні» ретінде атап өтіледі.
Бұл құжат жалпыға міндетті дәстүрлі халықаралық құқық болды. Сонымен қоса, ол адам құқықтарына
қатысты «jus cogens» (мызғымайтын) нормаларының негізін қалады.
Адамзат тарихындағы ең көп аударылған құжат (370 тілге аударылған)
Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясындағы 30 құқық әр адамның абыроймен өмір сүру,
толыққанды тұлға ретінде дамып- өркендеу үшін қажетті құқықтардың минимум шеңберін/ауқымын
көрсетеді.
Олар адамды, қоғамды және мемлекетті адами қадір қасиеттің әмбебаптығы мақсатына сәйкес
қалыптастыруды көздейді. Бұл өзінше даму жоспары. Әлем бойынша адам құқықтары туралы заңдарды
қабылдаудың бастамасы болды.
Бұл құжаттың әзірленіп қабылдауында негізгі қозғаушы күш кіші болып саналатын елдер, солардың өкілдері
болды !
Адам құқықтары бойынша тоғыз негізгі халықаралық құжат:
1. Нәсілдік кемсітудің барлық түрлерін жою туралы конвенция (CERD), 1969;
2. Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық конвенция (ICCPR),1966;
3. Экономикалық, әлеуметтік ж/е мәдени құқықтар туралы халықаралық конвенция (ICESC),1966
4. Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық түрлерін жою туралы конвенция (CEDAW), 1979;
5. Азаптауға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе адами қадір-қасиетті қорлайтын қатынасқа
және жазалауға қарсы конвенция, 1984
6. Бала құқықтары туралы конвенция, 1989
7. Жұмысшы-мигранттардың және олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы конвенция, 1990
8. Барлық адамдарды күштеп жоғалудан қорғау туралы халықаралық конвенция, 2006
9. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтары туралы конвенция, 2006
ОСЫ ҚҰЖАТТАРДЫҢ негізгі мақсаттары — кемсітуге жол бермеу, кемсітуді жою және жалпыға бірдей адами
қадір-қасиетті қорға
у

БҰЛ ҚҰЖАТТАРДЫҢ БАРЛЫҒЫ ҚАНДАЙ ТҮСІНІККЕ НЕГІЗДЕЛГЕН? (келесі слайд)
Теориялық негіздеме — адам құқықтарының табиғи/ натуралистік немесе
моральдық-философиялық тұжырымдасы
-Адам құқықтарына қатысты барлық құжаттар — адам құқықтарының табиғи немесе моральдық/философиялық немесе
онтологиялық (4 атауы бар) тұжырымдасы негізінде құрылған.
-Адам құқықтары барлық адамдарға (2) кез-келген уақытта (3) және кез-келген жерде (4); адам болғаны үшін тиесілі моральдық
құқықтар (1), адам құқықтарының қорғалуы мен дамуы үшін ең алдымен мемлекеттік жән құқықтық органдарға, сондай-ақ заңды
және жеке тұлғаларға тиісті міндеттер жүктеледі (5).
Адам құқықтарының табиғи немесе моральдық тұжырымдасы бойныша, адам болу – адам құқықтарына ие болудың басты және
негізгі себебі (алдыңғы слайд).
Халықаралық және жергілікті құқық құжаттары адам құқықтарын растап бекітуге және қорғауға міндетті.
Адам құқықтарына барлық адамдар тегіне, тіліне, жынысына, дініне, саяси көзқарасына қарамастан ие.
Адам құқықтарының негізгі сипаттары: [1]Адам құқығы әмбебап [барлығына тиесілі] (universal);
[2] адам болу болмысынан туындайды, әр адамға тән (inherent); [3] бөлінбейтін [адам құқықтарының барлық категориялары бір
ғимараттың қабырғалары сияқты, егер біреуі құласа, ғимарат да құлайды] (indivisible); [4] өзара байланысты (interrelated;) [5] адамнан
ажыратылмайтын [ешкім ала алмайтын және бас тартылмайтын] (inalienable) — Адам құқықтарын осы бес сипаттың барлығын
назарға алып бүтіндей қарастыру қажет.
Адам құқықтары тек құқықтар мен бостандықтар туралы ғана емес, сонымен қатар міндеттер/ жауапкершіліктер жүктейді
Тарихитамырлар(1)табиғиқұқықтұжырымдамасы(зайырлыадамқұқықтары
тарихындағынегізгітүсінік;кейінтабиғиқұқықтұжырымдамасысаясилибералтүсініктер
тарапынандамытылды
(2)дінижазбалардағыадамзаттыңморальдық/онтологиялықтеңдіктұжырымдамасы(м/
ы,РимПапасының2022-23жылдағықарарлары,заманауипрогресшілИсламмәнхаджі,20
ғасырбасындағыжәдидшілер)
Табиғи құқықтың діни және зайырлы шығу тегі бар. Рим құқығына және кейінірек
христиандық нормаларға әсер еткен грек стоицизмінің философиялық дәстүрін атауға
болады. Кейінірек табиғи құқық түсінігі протестант христиан және прогресшіл католик,
жалпы алғанда Батыстың либерал ойшылдары тарапынан дамытылды. Христиан
әлемінде “Imago Dei” (адамзатты “құдай бейнесінде” жаратты түсінігі)
Ислам әлемінде “әл-кәрәмия әл-инсанийя” (“ардақты жаратылған адамзат” түсінігі)
тұжырымдамасының ерте дәуір өкілдері мен заманауи “әль-мақасид аль шарийя”
тұжырымдасын және прогресшіл Ислам мәнхаджі, Ислам феминизмін атауға болады
IR system ?
Адам құқықтары —
саяси жүйе негізідері
Адам құқықтары — құқықтық
жүйенің тұғырлары/қағидаттары
Адам құқықтары — моральдық
нормалар, тұлғаның өмірлік
қағидаттары
Жалпыға ортақ адам құқықтары тұжырымдамасының әмбебаптығы
•адам құқықтарының заманауи тұжырымдамасы құрылымдық табиғатқа ие, қайсы бір өркениет немесе
мәдениеттің туындысы ретінде қарастырылмау қажет. Яғни қоғамның дамуына байланысты пайда
болған құбылыс ретінде қарастыру керек
.

•Адам құқықтары ұғымы әмбебап болмаса болмайды, адам құқықтары жалпыға ортақ болмаса
мағынасы жоғалады!
•Адам құқықтарының заманауи анықтамалары көбінесе Батыс мемлекеттерінде пайда болғанымен (бұл
да даулы нәрсе, әсіресе деколониал зерттеулер тұрғысынан), адам құқықтары адами қадір-қасиетке
мемлекеттен, нарықтық экономикадан және басқа да тұлғалардан төнетін түрлі қауіптерге төтеп беру
үшін бар.
•Адам құқықтарының жалпыға ортақ ұғымы құқықтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік, білім беру
жүйелерін қалыптастыра бастауы — адамзаттың идеялар, тұжырымдамалар тұрғысынан дамуының
өте маңызды кезеңі болып табылады. Бұны техникалық ғылымдар саласында IT технологиялармен
салыстыра аламы
з

•“Қарапайым халық ешқашан адам құқықтарының әмбебаптығына наразылығын білдірген жоқ,
қарапайым адамдар адам құқықтарын батыстық немесе еуропалық нәрсе деп де санамады. Бірақ
көбінесе олардың басшылары осылай жасады. Кофи Аннан (БҰҰ-ның Ганалық бұрынғы бас хатшысы)
Адам құқықтары мен жеке тұлғаның дамуы
•Адам құқықтарын тұлғаның толыққанды болуына қол жеткізу шеңберінде түсіну қажет.
•Тұлғаның толыққандығы — адами қадір касиеттің қорғалуы, әркімнің өз қабілеттерін аша білуі,
физикалық, эмоциялық, психологиялық денсаулығының тұтастығының қамтамасыз етілуін
керектіреді
•Адам құқықтары — моральдік құқықтар, біздің өркениет пен мәдениет деңгейімізге тікелей
қатысты. Сондықтан, адам құқықтары бағыттаушы, жөн сілтеуші.
•Адам құқықтарын білетін және құрметтейтін, өркениетті тұлға өздігінен пайда болмайды. Бұндай
тұлға әлеуметтік тұрғыдан қалыптастырылады яғни қоғамда қалыптастырылады.
•Адам құқықтары өркениетті, моралдық тұрғыдан дамыған тұлғаларға қатысты, қарабайыр,
қараңғы тұлғаларға емес.
 

•Адам баласына оның туа біткен адами қадір қасиетіне лайық қатынас жасасақ, яғни адам
құқықтарын құрметтеп солай әрекет ететін болсақ — уақыт өте келе, адами қадір-қасиетті
құрметтейтін, өркениетті тұлғалардың пайда болғанын көреміз.
Адам құқықтары мен қоғамдық өзгеру, эволюция
•Адам құқықтарын білу арқасында біз тұлға ретінде дамиміз және қоғам өзгереді, адами қадір-
қасиетке лайық/сай өмір сүре алатын орта жаратылады.
•Заманауи адам құқықтары тұжырымдамасы алғашқыда утопия болса да, белсенді азаматтардың
арқасында жүзеге аса алатын орасан зор әлеуметтік, мәдени және өркениеттік идеалға айналды.
•Адам құқықтары талаптары — еркіндіктер мен құқықтарды күшейтетін қоғамдық өзгерістірге
апарады.
•Құқықтарға ие болу бізді қуаттандырады. “Құқығым бар” деп қабылдау — адамда және қоғамда
өзгерістерге алып келеді, осыған байланысты жауапкершіліктер де пайда бола бастайды.
•Адам құқықтары қағидаттары мен құндылықтары (1) құқықтық, (2) саяси тәжірибелерді, (3) ресми
және (4) бейресми нормаларды, құрылымдарды/институцияларды қажетті жағдайларда сынауға
және өзгертуге бағытталған (бейресми нормалар, қоғамда тараған және адам құқықтарына және
заңның рухына қайшы келуі мүмкін түсініктерді білдіреді, м/ы рушылдық, патернализм,
“дедовщина”, қатаң патриархал немесе матриархал түсініктер).
• “Мен адам құқықтарына иемін” түсінігі, оның өмірде жүзеге асуы, осы құқықтардың басқалар
тарапынан қабылдануы, осыған байланысты заңды құқықтың пайда болуы — адамзаттың саяси,
құқықтық және демократиялық дамуындағы ең маңызды сатылары болып табылады.
АДАМҚҰҚЫҚТАРЫменЗАҢДЫҚҰҚЫҚТАРайрымашылығы
" #$%&!'(')*)!&+,!-%.$)!'(')'!/01$+2!+&+34!#$%&!'(')'5%1)!63781%9-%.$)':!;<=>?@9ABC@ADE!F*,G!5%1!&%*),%$%*)!-%.,%,!
HI*%1)E!3+/+/0!IJ%1$).!,+K0-0,$+!%$%&,).!57%9/05L+,!'%$019'%3G+50,!'I1*%7!/%1!HM,+!IJ%1!3%F3G!HM,+!MJ+7&+550L!
N-K+1035+1!H%3%2!%J%25),!MJ+7+5L+!G+!M&/+/%8!'(')'5%14!
" O%.$)!'(')'!9!/+JK0J0!/01!'(')'5)'!%L50,0.!,M5GH+30,$+!8%2$%!/IJ%$)4
" P2980L01!/I35%,$)*)E!+.!%J$)&+,E!%$%&!'(')*)E!IJ!Q!%$%&,).!%$%&!/IJ7!5%/G*%5),%,!57),$%2$)4!RI,)&+,!'I3%E!
$+&IL1%5GL%J)'!+J$+1$+!/(J!-%.$)!'(')'E!3+/+/0!I3)*%,!/%2J%,)35)!%1,%2)!-%.!/%14
" STL0&$0!%-%85%7*%!/IJ&%2$)E!%$%&!'(')'5%1),$%!/(*%,!%/3IJU5!5G)&!/%14!P3)J%2!/IJ7E!'(')'5)'!%L50,0.!,M5GH+30,$+!
+&+3E!%$%&,).!%$%&!/IJ7)!3+/+850!;F*,G!/(*%,!/%2J%,)35)!'%23)!/01!+J$+!-%.!/IJ&%3%!$%E!,+&+3+!V%J)'%1%J)'!
'(H%55%1*%!'IJ!'I2)8!'I3)J&%3%!$%E!/(*%,!HIJ!/+17K+!/IJ&%2$)D4!#J%2$%E!'I*%&$%!/(J!5W30,0L50!I1,)'5)17!WT0,!
'7%55)!-%.!L+1+L4!#$%&!'(')*)!-%.$)!'(')'8+,!'I1*%J7!L+1+LX!
" Y%-01K0!L+-$+!+L0!'(')'!5W10!LN8!H%*$%2$%!%35%3)8!H%5%$)4!#$%&!'(')'5%1)!(J55)'!-%.,%&%!T+./+10,$+!'I1*%J7)!
&0,$+5504!#$%&!'(')'5%1),%!V%J)'%1%J)'!'(')'5)'!35%,$%155%1!L+80J$0L!/+1+$04!
" #$%&!'(')'5%1),%!'%2T)!-%.!/IJ&%7!L+1+L4
" #$%&!'(')'5%1),).!H%J8)*%!I15%'5)*),!HM,+!%$%&!'(')'5%1)!'(,$)J)'5%1),!/0-$0.!'I*%&$%!5IJ)'!5W30,+!%J&%7$%!
Z+.+350L!$M701$0.!)'8%J)!-I14!
Саяси
құқықтар
Экономик
алық және
әлеметтік
құқықтар
Азаматтық
құқықтар
Мәдени
құқықтар
Абсолют адам
құқықтары
Топтардың адам
құқықтары
босқын,
мигрант адам
құқықтары
Бала адам
құқықтары
Іргелі адам
құқықтары
Әйел адам
құқықтары
Ерекше
сұранысы бар
тұлғалардың
адам
құқықтары
Іргелі/фундаментал адам құқықтары (барлығы емес)
Өмір сүру құқығ
ы

Азаптауға, адами қадір- қасиетті қорлайтын жағдайларға ұшыратуға толықтай тиым [абсолют құқық]
Тұлғаның еркіндік және жеке тұлғаға тиіспеушілік пен қауіпсіздік құқығы;
Құлдық пен мәжбүрлі еңбекке салуға үзілді кесілді тиым;
Әділ сот процессі құқығы,
Заңсыз яғни заңда анық көрсетілмеген жаза қолданылмайды;
Жеке және отбасылық өмірге, жеке тұлғаның үй -жайына және хат/басқалармен хабар алмасуға қол сұқпау;
Ой еркіндігі [абсолют құқық болып да саналады], сенім мен дін бостандығы;
Өз ойын/пікірін жеткізу бостандығы (ауызша, жазбаша, өнер тілімен, электронды ақпарат, басылып шыққан кітап және т.б.),
сенімді ақпарат алу еркіндігі де кіреді.
Жиналыс пен бірлестік бостандығы;
Некелесу және отбасын құру құқығы;
Білім алуға құқық;
Денсаулық және денсаулық-сақтау құқықтары;
Жеке мүлікті пайдалану құқығы;
Еркін сайлау, саяси процестерге қатысу құқығы (м/ы, сайлау науқандары, мемлекет. органдардың есеп беруін талап ету, т.б.)
Демократиялық жүйеге ие болу құқығы,
Пайда болып келе жатқан іргелі адам құқықтарына мысалдар “қолжетімді интернет”, “интернет ортада жеке ақпараттың
қорғалуы”, “адамзат генофондын қорғау”
Адамның абсолют құқықтары: (1) ой бостандығы,
(2) азаптауға және адами қадір-қасиетті қорлайтын жағдайға
ұшыратуға толық/ абсолют тыйым;
(3) құлдыққа толықтай тыйым (оның ішінде сексуалды мақсаттағы
адам саудасы);
(4) заң алдында тану құқығы;
Ешқандай жағдай абсолют құқықтардың шектелуін негіздей алмайды.
Абсолют құқықтар толықтай адами қадір-қасиетті қорғауға бағытталған.
Келешекте “адами қадір-қасиетке ие болу” құқығы да абсолют адам
құқығы ретінде қабылдануы мүмкін
Адам құқықтарының әмбебаптығы, кімдік (идентичность) пен
мәдениет
Өзгермитін, қатып қалған кімдік (identity) бар деген түсінік отаршылдық (coloniality/колониальность) түсінігі.
Отарлану кезеңін басынан кешірген халықтар әр түрлі постколониал және отаршылдық (coloniality)
жағдайларына ұшырап жатады.
Отарлау (colonization) бітсе де отаршылдық (coloniality) жалғаса береді.
“Өзгермейтін кімдік (идентичность)” бар, “біздің мәдениет, салт өзгермейді” деген түсініктер отаршылдық
түсінігі.
Отарлаудың (colonization), отаршылдықтың (coloniality) зардаптары мен мәдени кенжелік арасында және адам
құқықтарының дамымай қалуы арасында тікелей байланыс ба
р

Яғни мәдениет туралы ғылымға қайшы келетін, затында отаршылдық түсінігі — мәдениеттің «монолит»,
«біртектес» құбылыс екенін қабылдайды. Алайда, мәдениет өзгергіш, қатып қалған емес/динамикалық,
гетероген, гибрид, өз ішінде әр-алуан.
Кімдік те қатып қалған, «біртектес» құбылыс емес — көп қырлы, гетероген, динамикалық, қоршаған ортамен
үнемі әрекеттеседі. Қысқасы, кімдік, дін, дәстүр өзгеріп тұратын, икемді, динамикалық.
Адамның ақыл-ойы мен гуманизм мәдени дамудың қозғалтқышы.
 

Жергілікті мәдениеттер мен діндер адам құқықтарымен үйлесетін гуманистік, әмбебап жорамалдар, түсініктер
шығара алады. Бұны жасайтын зиялы қауым. 20 ғасыр басында Жәдидшілер мен Алаш зиялылыры осындай
әлеуметтік жаңалау жасағысы келгенін айтуға толық негіз бар, Бұл деколониал көзқарас (келесі слайд)
Отарсыздану/деколониал көзқарас пен адам құқықтары және
Қазақстан
• Отарсыздану/деколониал көзқарас қазақ мәдениеті мен қазақ кімдігінде, қазақ саяси ұлтында адам
құқықтарының әмбебаптығын, жалпыға ортақтығын дамыту бағытындағы интеллектуал, рухани және мәдени
кұрес.
• Деколониал бағыттың ең үлкен мақсаттарының бірі отарланған елдер азаматтарына тапталған адами қадір
қасиетті қайтып беру болатын.
• Заманауи деколониал ойшылдар бұл идеяны ары қарай дамытты. Заманымызда шынайы отарсыздану —
отарланған елдер қоғамдары мен мәдениеттерінде адами қадір қасиетті құрметтеуді негізгі идеяға айналдыру,
бұны тұғыр қылу. Бұл заманауи адам құқықтарының айтып тұрғаны.
• Бұндай мәдени, өркениеттік өсуді зиялы қауым жасайды
.

• "Қазақ мәдениеті заманауи адам құқықтары түсінігіне сәйкес дами алмайды-мыс", “қазақ кімдігі бұған қарсы-
мыс” (Ислам діні де) деген ойлар - отаршылдық түсінігінен шыққан және кең мағынада нәсілшілдік болып
табылады (нәсілшілдіктің жаңа анықтамаларына сәйкес)
• Алаш зиялылыры қазіргі таңда өмір сүресе не істер еді? Менінше, Қазақстанда адам құқықтарының
әмбебаптығын дамытуға ат салысар еді. Олардың жасағысы келгенін заманауи адам құқықтары
тұжырымдасы өте жақсы сипаттай алады (м/ы, тұлға мен топтың өз келешегін өзі анықтау, өз-өзін басқару,
ана тілінде білім алу, жерге ие болу құқығы, әйелдердің адам құқықтарын дамыту, т.б.)
• Қазіргі күрделі кезеңде Қазақстан сияқты, полиэтникалық және поликонфессиялық, ең бастысы ешкімді
отарламаған, басып алмаған, керісінше өз тарихында физикалық және мәдени геноцидке ұшараған мемлекет,
адам құқықтарының әмбебаптығын, жалпыға ортақтығын қорғауға үлес қосуы керек.
“Әл-кәрәмия әл-инсанийя” тұжырымдамасы
- Исламдағы бұл тұжырымдама -- әр адам баласында жаратылысында, нәсіліне, жынысына,
жасына, дініне байланыссыз, жалпыға ортақ, әмбебеп адами қадір қасиет пен абыройдың бар
екенін білдіреді. (“Расында Адам баласын ардақтадық” (17:70), әр адамда, тұспарлап айтқанда,
Құдайдың “бөлшегі” бар (32:9))
 

-Христиандықтағы “Imago Dei” тұжырымдамасына ұқсас.
 

-Заманауи зайырлы адам құқықтарының натуралистік тұжырымдамасымен үндес болып келед
і

-Прогресшіл, ревизионист ислам ойшылдары мен белсенділер (м/ы, K.E. El-Fadl, A. Duderija, M.H.
Kamali, O.Safi) және Ислам феминизмнің көрнекті өкілдері (м/ы, A.Wadud, F.Mernissi, K.Ali, A.Barlas)
әр адам баласында жаратылысында бар, нәсіліне, жынысына, жасына, дініне байланыссыз,
жалпыға ортақ адами қадір қасиет пен абыройдың бар екенін көрсететін “әл-кәрәмия әл-инсанийя”
тұжырымдамасын Исламда негіз деп көрсетеді. Олар бұл тұжырымдаманы дүниетамдық және
эпистемологиялық, яғни исламның жорамалдарын жасауда заманауи призма мағынасында
қабылдайды.
Қорытынды ойлар (1):
•Адам құқықтары біздің даралығымызды да, сонымен бірге әмбебап болу арқылы біздің
ғаламдық адамзат атты қауымдастықтың бөлшегі екенімізді аңғартады. Дұрыс түсінілсе,
адам құқықтары әмбебаптық пен қайталанбас даралық арасындағы тепе-теңдікті
орнықтырады.
•Адам құқықтары тұжырымдамасы динамикалық, яғни тұрақты даму үстінде.
•21-нші ғасыр шарттарында адам құқықтары — саяси, әлеуметтік, экономикалық жүйенің,
мемлекеттік құрылымның, мәдениет, дәстіүр және діни түсініктердің негізгі тұғыры болуы
керек.
•Адам құқықтары жай ғана өмір сүру үшін емес, біздің адами қадір-қасиетіміз
құрметтелетін, адами абыройға сай келетін өмір сүру үшін керек, айталық, озбыр саяси
жүйе болмайтын, жеткілікті жалақы алатын, дер кезінде қажетті және сапалы дәрігерлік
көмек алатын, тегімігізге, жынысымызға байланысты алалау көрмейтін өмір.
•Неліктен демократиялық елдерде идеология іздеп әуре болмайды? Себебі, 21-ншы
ғасырдың шынайы демократиясында негіз — адам құқықтарын қорғап одан ары дамыту
Қорытынды ойлар (2):
•Адам құқықтары әмбебап, барлығына тек адам болғаны үшін ғана тиесілі және өз ішінде
бөлінбейтін, бөлуге келмейтін құқықтар.
•Адамның туа біткен қадір-қасиетін құрметтеу — заманауи адам құқықтары
тұжырымдамасының құндылық негізі.
•Адам құқықтарын ата-заң да, басқа заңдар да бермейді. Олар адам құқықтарын қорғау,
одан ары дамыту үшін қажет.
•Қазақ қоғамында жаңа дискурсттар туғызу үшін, адам құқықтары ұғымының қазақты
“бұзу" үшін шығарылған нәрсе емес екенін көрсету маңызды,
•Адам құқықтары тұжырымдамасы — біздің күнделікті өмірімізге қатысты, ол абстрактты/
қияли, немесе қайсы бір азшылықтарға ғана қатысты, немесе Батыстан келген, “өзгеге тән,
бізге жат” ұғым емес. Туа- біткен адами қадір қасиетті қорғауға арналған ұғым неге
бізге жат болсын?!
•Заманауи адам құқықтары тұжырымдамасы адамның қадір-қасиетіне, еркіндік пен
құқықтарына төнетін қауіп-қатерлерге адамзаттың қалқаны ретінде қабылдануы керек
құбылыс.
REFERENCES:
•Afshari, R. 2001. Human Rights in Iran. The Abuse of Cultural Relativism. Philadelphia: University of Pennsylvania Press
.

•Cruft, R.; S. Liao & M. Renzo. 2015. “The Philosophical Foundations of Human Rights: An Overview”. In Philosophical
Foundations of Human Rights, edited by R. Cruft, S. M. Liao and M.Renzo, 1- 45. Oxford: Oxford University Press
.

•Duderija, A. (2017). The Imperatives of Progressive Islam (1st ed.). Routledge. https://doi.org/10.4324/978131543884
9

•Donnelly, Jack. 2013. Universal Human Rights in Theory and Practice. NED-New edition, 3. Cornell University Press
.

•Sandkühler, Hans J. 1998. “Pluralism and the Universality of Rights.” 20th World Congress of Philosophy. https://
www.bu.edu/wcp/Papers/Law/LawSand.htm
.

•Zhussipbek, G., Tasbolat, A. & Nagayeva, Z. 2024. ”Interdisciplinary Approach to Overcoming the Persistence of
Patriarchal Islamic Interpretations: Gender Equality, the Development of Empathy and Children’s Rights, and Insights from
the Reformist Eurasian Scholars of Early Twentieth Century”. Open Theology, 10 (1) https://doi.org/10.1515/
opth-2022-024
3

•Zhussipbek, G. 2021. Liberalism and Islam, Edited by Erica Marat & Rico Isaacs. Routledge Handbook of Contemporary
Central Asia. Routledge. https://doi.org/10.4324/9780429057977-37
;

•Zhussipbek, G. & Nagayeva, Z. (2019). Epistemological Reform and Embracement of Human Rights. What Can be
Inferred from Islamic Rationalistic Maturidite Theology?. Open Theology, 5(1), 347-365. https://doi.org/10.1515/
opth-2019-0030

Contenu connexe

En vedette

2024 State of Marketing Report – by Hubspot
2024 State of Marketing Report – by Hubspot2024 State of Marketing Report – by Hubspot
2024 State of Marketing Report – by HubspotMarius Sescu
 
Everything You Need To Know About ChatGPT
Everything You Need To Know About ChatGPTEverything You Need To Know About ChatGPT
Everything You Need To Know About ChatGPTExpeed Software
 
Product Design Trends in 2024 | Teenage Engineerings
Product Design Trends in 2024 | Teenage EngineeringsProduct Design Trends in 2024 | Teenage Engineerings
Product Design Trends in 2024 | Teenage EngineeringsPixeldarts
 
How Race, Age and Gender Shape Attitudes Towards Mental Health
How Race, Age and Gender Shape Attitudes Towards Mental HealthHow Race, Age and Gender Shape Attitudes Towards Mental Health
How Race, Age and Gender Shape Attitudes Towards Mental HealthThinkNow
 
AI Trends in Creative Operations 2024 by Artwork Flow.pdf
AI Trends in Creative Operations 2024 by Artwork Flow.pdfAI Trends in Creative Operations 2024 by Artwork Flow.pdf
AI Trends in Creative Operations 2024 by Artwork Flow.pdfmarketingartwork
 
PEPSICO Presentation to CAGNY Conference Feb 2024
PEPSICO Presentation to CAGNY Conference Feb 2024PEPSICO Presentation to CAGNY Conference Feb 2024
PEPSICO Presentation to CAGNY Conference Feb 2024Neil Kimberley
 
Content Methodology: A Best Practices Report (Webinar)
Content Methodology: A Best Practices Report (Webinar)Content Methodology: A Best Practices Report (Webinar)
Content Methodology: A Best Practices Report (Webinar)contently
 
How to Prepare For a Successful Job Search for 2024
How to Prepare For a Successful Job Search for 2024How to Prepare For a Successful Job Search for 2024
How to Prepare For a Successful Job Search for 2024Albert Qian
 
Social Media Marketing Trends 2024 // The Global Indie Insights
Social Media Marketing Trends 2024 // The Global Indie InsightsSocial Media Marketing Trends 2024 // The Global Indie Insights
Social Media Marketing Trends 2024 // The Global Indie InsightsKurio // The Social Media Age(ncy)
 
Trends In Paid Search: Navigating The Digital Landscape In 2024
Trends In Paid Search: Navigating The Digital Landscape In 2024Trends In Paid Search: Navigating The Digital Landscape In 2024
Trends In Paid Search: Navigating The Digital Landscape In 2024Search Engine Journal
 
5 Public speaking tips from TED - Visualized summary
5 Public speaking tips from TED - Visualized summary5 Public speaking tips from TED - Visualized summary
5 Public speaking tips from TED - Visualized summarySpeakerHub
 
ChatGPT and the Future of Work - Clark Boyd
ChatGPT and the Future of Work - Clark Boyd ChatGPT and the Future of Work - Clark Boyd
ChatGPT and the Future of Work - Clark Boyd Clark Boyd
 
Getting into the tech field. what next
Getting into the tech field. what next Getting into the tech field. what next
Getting into the tech field. what next Tessa Mero
 
Google's Just Not That Into You: Understanding Core Updates & Search Intent
Google's Just Not That Into You: Understanding Core Updates & Search IntentGoogle's Just Not That Into You: Understanding Core Updates & Search Intent
Google's Just Not That Into You: Understanding Core Updates & Search IntentLily Ray
 
Time Management & Productivity - Best Practices
Time Management & Productivity -  Best PracticesTime Management & Productivity -  Best Practices
Time Management & Productivity - Best PracticesVit Horky
 
The six step guide to practical project management
The six step guide to practical project managementThe six step guide to practical project management
The six step guide to practical project managementMindGenius
 
Beginners Guide to TikTok for Search - Rachel Pearson - We are Tilt __ Bright...
Beginners Guide to TikTok for Search - Rachel Pearson - We are Tilt __ Bright...Beginners Guide to TikTok for Search - Rachel Pearson - We are Tilt __ Bright...
Beginners Guide to TikTok for Search - Rachel Pearson - We are Tilt __ Bright...RachelPearson36
 

En vedette (20)

2024 State of Marketing Report – by Hubspot
2024 State of Marketing Report – by Hubspot2024 State of Marketing Report – by Hubspot
2024 State of Marketing Report – by Hubspot
 
Everything You Need To Know About ChatGPT
Everything You Need To Know About ChatGPTEverything You Need To Know About ChatGPT
Everything You Need To Know About ChatGPT
 
Product Design Trends in 2024 | Teenage Engineerings
Product Design Trends in 2024 | Teenage EngineeringsProduct Design Trends in 2024 | Teenage Engineerings
Product Design Trends in 2024 | Teenage Engineerings
 
How Race, Age and Gender Shape Attitudes Towards Mental Health
How Race, Age and Gender Shape Attitudes Towards Mental HealthHow Race, Age and Gender Shape Attitudes Towards Mental Health
How Race, Age and Gender Shape Attitudes Towards Mental Health
 
AI Trends in Creative Operations 2024 by Artwork Flow.pdf
AI Trends in Creative Operations 2024 by Artwork Flow.pdfAI Trends in Creative Operations 2024 by Artwork Flow.pdf
AI Trends in Creative Operations 2024 by Artwork Flow.pdf
 
Skeleton Culture Code
Skeleton Culture CodeSkeleton Culture Code
Skeleton Culture Code
 
PEPSICO Presentation to CAGNY Conference Feb 2024
PEPSICO Presentation to CAGNY Conference Feb 2024PEPSICO Presentation to CAGNY Conference Feb 2024
PEPSICO Presentation to CAGNY Conference Feb 2024
 
Content Methodology: A Best Practices Report (Webinar)
Content Methodology: A Best Practices Report (Webinar)Content Methodology: A Best Practices Report (Webinar)
Content Methodology: A Best Practices Report (Webinar)
 
How to Prepare For a Successful Job Search for 2024
How to Prepare For a Successful Job Search for 2024How to Prepare For a Successful Job Search for 2024
How to Prepare For a Successful Job Search for 2024
 
Social Media Marketing Trends 2024 // The Global Indie Insights
Social Media Marketing Trends 2024 // The Global Indie InsightsSocial Media Marketing Trends 2024 // The Global Indie Insights
Social Media Marketing Trends 2024 // The Global Indie Insights
 
Trends In Paid Search: Navigating The Digital Landscape In 2024
Trends In Paid Search: Navigating The Digital Landscape In 2024Trends In Paid Search: Navigating The Digital Landscape In 2024
Trends In Paid Search: Navigating The Digital Landscape In 2024
 
5 Public speaking tips from TED - Visualized summary
5 Public speaking tips from TED - Visualized summary5 Public speaking tips from TED - Visualized summary
5 Public speaking tips from TED - Visualized summary
 
ChatGPT and the Future of Work - Clark Boyd
ChatGPT and the Future of Work - Clark Boyd ChatGPT and the Future of Work - Clark Boyd
ChatGPT and the Future of Work - Clark Boyd
 
Getting into the tech field. what next
Getting into the tech field. what next Getting into the tech field. what next
Getting into the tech field. what next
 
Google's Just Not That Into You: Understanding Core Updates & Search Intent
Google's Just Not That Into You: Understanding Core Updates & Search IntentGoogle's Just Not That Into You: Understanding Core Updates & Search Intent
Google's Just Not That Into You: Understanding Core Updates & Search Intent
 
How to have difficult conversations
How to have difficult conversations How to have difficult conversations
How to have difficult conversations
 
Introduction to Data Science
Introduction to Data ScienceIntroduction to Data Science
Introduction to Data Science
 
Time Management & Productivity - Best Practices
Time Management & Productivity -  Best PracticesTime Management & Productivity -  Best Practices
Time Management & Productivity - Best Practices
 
The six step guide to practical project management
The six step guide to practical project managementThe six step guide to practical project management
The six step guide to practical project management
 
Beginners Guide to TikTok for Search - Rachel Pearson - We are Tilt __ Bright...
Beginners Guide to TikTok for Search - Rachel Pearson - We are Tilt __ Bright...Beginners Guide to TikTok for Search - Rachel Pearson - We are Tilt __ Bright...
Beginners Guide to TikTok for Search - Rachel Pearson - We are Tilt __ Bright...
 

Universality of human rights in Qazaq Адам құқықтарының әмбебаптығы, жалпыға ортақ адами.pdf

  • 1. Заманауи адам құқықтары/ адам құқықтарының әмбебаптығы (универсальность прав человека) Ғалым Жүсіпбек, Алматы, 05. 03. 2024 (Азаматтық мектеп/ҚЖАҚ/МИСК) жалпыға ортақ адами қадір-қасиеттің қабылдануы, моральдік құқықтар, кімдікті, мәдениетті деколониал тұрғыдан жорамалдау
  • 2. 1 Cұрақ : МЕМЛЕКЕТТЕГІ, әлеуметтік өмірдегі/ әлеуметтік ғылымдардағы “ ең үлкен байлық/ құндылық” не?
  • 3. 1 Сұрақ • МҮМКІН ЖАУАПТАР • жер, тәуелсіздік, егеменді к • жерасты, жерүсті байлықтар/ табиғи ресурстар (мұнай, газ, алтын және т.б.] • елдің рейтингі/ бедел і • отбасы, туыстар, адами қатынастар, достар, • тіл, дәстүр, дін, өзіндік дүниетаны м • бейбітшілік, тұрақтылы қ • адам баласы- ең үлкен құндылық/байлы қ • Адам құқықтары ұғымына көшейік
  • 4. Сұрақ 2: Адам өмірі үшін ең маңызды деп санайтын бес нәрсені атаңыз Сұрақ 3: Адам құқығы/құқықтары ұғымын естігенде ойыңызға не келеді?
  • 5. Сұрақ 2 & 3: МҮМКІН ЖАУАПТАР • жеке қауіпсіздік; жақындардың және отбасы қауіпсіздігі, сенімділік; сөз бостандығы, пікір бостандығы; өмір сүру құқығы; еркіндік; жеке тұлғаның шекаралары, демалу, жеткілікті ұйықтай білу; [гигиенаға лайықты] дәретхана/ жуынатын бөлме; қозғалыс еркіндігі; білім алу құқығы; денсаулық; өмір салты мен өмірлік ұстанымдар, көзқарастар ұстану еркіндігі, діндер мен дәстүрлерді ұстану, жақсы көретін адамды сүйе білу және олармен бірге өмір сүру (таңдау еркіндігі); үйлену (үйленбеу), кез келген дінге сену немесе сенбеу (атеист немесе агностикалық адам болу); шығармашылық; жалақының «лайықты» деңгейде болуы, таза ауа мен таза ауыз су, жеткілікті және сапалы қорек, наразылық білдіру, бейбіт шеруге шығу, биліктен есеп талап ету, өмірге лайықты инфрақұрылым, жеткілікті зейнет ақы, әлеуметтік қорғау, босқын жағдайындағыларға керекті көмек, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды қорғау мен оларға жағдай жасау, жаратылыстан келетін/ биологиялық себептерге байланысты қайсы бір алалауға/дискриминацияға ұшырымау, зорлық-зомбылыққа (5 түрі болады) ұшырамай өмір сүру, әділ сот, қоғамдық тәртіп, интернет. • 2 мен 3 cұрақтардың жауаптары ұқсас болып келеді. Неліктен? Себебі адам құқықтары — біздің қажеттіліктеріміз! Олар біздің өміріміз, олар біз!
  • 6. Сұрақ 4 АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ ҚАНДАЙ НЕГІЗІ БАР? ОЛАРДІ КІМ БЕРЕДІ? Ата-заң/ конституция немесе халықаралық құжаттар ма?
  • 7. 4 Сұрақ жауабы: АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ НЕГІЗІ — АДАМНЫҢ АДАМ БОЛУЫ Құндылық негіз — адам баласының туа-біткен қадір қасиетін құрметтеу -Адам құқықтары өздігінен, тек қана біздің адам болу табиғатымыздан бар десек болады. -Адам болып жаратылуымыз адам құқықтарының НЕГІЗІ! -Адам құқықтарын ата-заң/конституция және басқа да заңдар бермейді. Біздің адам болуымызды олар анықтамайды ғой! Алайда заңдар мен халықаралық құжаттар адам құқықтарын таниды, мойындайды және қорғауға алады. Мемлекеттер халықаралық құжаттарға қосылу нәтижесінде саяси және құқықтық міндеттемелер алады. -Адамның туа біткен қадір-қасиетін құрметтеу — заманауи адам құқықтары тұжырымдамасының құндылық негізі. Адамның қадір-қасиетін қалай тұжырымдаймыз сұрағы төнірегінде пікірталастар көп, алайда әлемдегі алуан түрлі зайырлы және діни пікір ұстанатын ойшылдардың мәмілеге келгені: «әр адам — адам баласы болғаны үшін ғана туа-бітті құндылыққа ие және осы туа-бітті құндылықты өзгелер мойындап, құрметтеу керек» -Адам құқықтары мен жалпыға ортақ адами қадір-қасиет ұғымдары бір бүтіннің екі жартысындай. -Адам құқықтарының жалпыға ортақтығын эмпатия арқылы білуге болады, м/ы, әйел құқықтары мен гендерлік теңдікті, бала құқықтарын эмпатия арқылы түсіну маңызды.
  • 8. Заманауи адам құқықтары түсінігінің саяси және құқықтық іргетасы "Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы" мен екі «бауырлас конвенция» негізінде қаланған. (1966 жылғы “Азаматтық және саяси құқықтар” мен “Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық конвенциялар) Адамзат тарихындағы ең маңызды адам құқықтары құжаты - АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ, 1948 ж. 10 желтоқсанында қабылданды, «Адам құқықтары күні» ретінде атап өтіледі. Бұл құжат жалпыға міндетті дәстүрлі халықаралық құқық болды. Сонымен қоса, ол адам құқықтарына қатысты «jus cogens» (мызғымайтын) нормаларының негізін қалады. Адамзат тарихындағы ең көп аударылған құжат (370 тілге аударылған) Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясындағы 30 құқық әр адамның абыроймен өмір сүру, толыққанды тұлға ретінде дамып- өркендеу үшін қажетті құқықтардың минимум шеңберін/ауқымын көрсетеді. Олар адамды, қоғамды және мемлекетті адами қадір қасиеттің әмбебаптығы мақсатына сәйкес қалыптастыруды көздейді. Бұл өзінше даму жоспары. Әлем бойынша адам құқықтары туралы заңдарды қабылдаудың бастамасы болды. Бұл құжаттың әзірленіп қабылдауында негізгі қозғаушы күш кіші болып саналатын елдер, солардың өкілдері болды !
  • 9. Адам құқықтары бойынша тоғыз негізгі халықаралық құжат: 1. Нәсілдік кемсітудің барлық түрлерін жою туралы конвенция (CERD), 1969; 2. Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық конвенция (ICCPR),1966; 3. Экономикалық, әлеуметтік ж/е мәдени құқықтар туралы халықаралық конвенция (ICESC),1966 4. Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық түрлерін жою туралы конвенция (CEDAW), 1979; 5. Азаптауға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе адами қадір-қасиетті қорлайтын қатынасқа және жазалауға қарсы конвенция, 1984 6. Бала құқықтары туралы конвенция, 1989 7. Жұмысшы-мигранттардың және олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы конвенция, 1990 8. Барлық адамдарды күштеп жоғалудан қорғау туралы халықаралық конвенция, 2006 9. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтары туралы конвенция, 2006 ОСЫ ҚҰЖАТТАРДЫҢ негізгі мақсаттары — кемсітуге жол бермеу, кемсітуді жою және жалпыға бірдей адами қадір-қасиетті қорға у БҰЛ ҚҰЖАТТАРДЫҢ БАРЛЫҒЫ ҚАНДАЙ ТҮСІНІККЕ НЕГІЗДЕЛГЕН? (келесі слайд)
  • 10. Теориялық негіздеме — адам құқықтарының табиғи/ натуралистік немесе моральдық-философиялық тұжырымдасы -Адам құқықтарына қатысты барлық құжаттар — адам құқықтарының табиғи немесе моральдық/философиялық немесе онтологиялық (4 атауы бар) тұжырымдасы негізінде құрылған. -Адам құқықтары барлық адамдарға (2) кез-келген уақытта (3) және кез-келген жерде (4); адам болғаны үшін тиесілі моральдық құқықтар (1), адам құқықтарының қорғалуы мен дамуы үшін ең алдымен мемлекеттік жән құқықтық органдарға, сондай-ақ заңды және жеке тұлғаларға тиісті міндеттер жүктеледі (5). Адам құқықтарының табиғи немесе моральдық тұжырымдасы бойныша, адам болу – адам құқықтарына ие болудың басты және негізгі себебі (алдыңғы слайд). Халықаралық және жергілікті құқық құжаттары адам құқықтарын растап бекітуге және қорғауға міндетті. Адам құқықтарына барлық адамдар тегіне, тіліне, жынысына, дініне, саяси көзқарасына қарамастан ие. Адам құқықтарының негізгі сипаттары: [1]Адам құқығы әмбебап [барлығына тиесілі] (universal); [2] адам болу болмысынан туындайды, әр адамға тән (inherent); [3] бөлінбейтін [адам құқықтарының барлық категориялары бір ғимараттың қабырғалары сияқты, егер біреуі құласа, ғимарат да құлайды] (indivisible); [4] өзара байланысты (interrelated;) [5] адамнан ажыратылмайтын [ешкім ала алмайтын және бас тартылмайтын] (inalienable) — Адам құқықтарын осы бес сипаттың барлығын назарға алып бүтіндей қарастыру қажет. Адам құқықтары тек құқықтар мен бостандықтар туралы ғана емес, сонымен қатар міндеттер/ жауапкершіліктер жүктейді
  • 11. Тарихитамырлар(1)табиғиқұқықтұжырымдамасы(зайырлыадамқұқықтары тарихындағынегізгітүсінік;кейінтабиғиқұқықтұжырымдамасысаясилибералтүсініктер тарапынандамытылды (2)дінижазбалардағыадамзаттыңморальдық/онтологиялықтеңдіктұжырымдамасы(м/ ы,РимПапасының2022-23жылдағықарарлары,заманауипрогресшілИсламмәнхаджі,20 ғасырбасындағыжәдидшілер) Табиғи құқықтың діни және зайырлы шығу тегі бар. Рим құқығына және кейінірек христиандық нормаларға әсер еткен грек стоицизмінің философиялық дәстүрін атауға болады. Кейінірек табиғи құқық түсінігі протестант христиан және прогресшіл католик, жалпы алғанда Батыстың либерал ойшылдары тарапынан дамытылды. Христиан әлемінде “Imago Dei” (адамзатты “құдай бейнесінде” жаратты түсінігі) Ислам әлемінде “әл-кәрәмия әл-инсанийя” (“ардақты жаратылған адамзат” түсінігі) тұжырымдамасының ерте дәуір өкілдері мен заманауи “әль-мақасид аль шарийя” тұжырымдасын және прогресшіл Ислам мәнхаджі, Ислам феминизмін атауға болады
  • 12. IR system ? Адам құқықтары — саяси жүйе негізідері Адам құқықтары — құқықтық жүйенің тұғырлары/қағидаттары Адам құқықтары — моральдық нормалар, тұлғаның өмірлік қағидаттары
  • 13. Жалпыға ортақ адам құқықтары тұжырымдамасының әмбебаптығы •адам құқықтарының заманауи тұжырымдамасы құрылымдық табиғатқа ие, қайсы бір өркениет немесе мәдениеттің туындысы ретінде қарастырылмау қажет. Яғни қоғамның дамуына байланысты пайда болған құбылыс ретінде қарастыру керек . •Адам құқықтары ұғымы әмбебап болмаса болмайды, адам құқықтары жалпыға ортақ болмаса мағынасы жоғалады! •Адам құқықтарының заманауи анықтамалары көбінесе Батыс мемлекеттерінде пайда болғанымен (бұл да даулы нәрсе, әсіресе деколониал зерттеулер тұрғысынан), адам құқықтары адами қадір-қасиетке мемлекеттен, нарықтық экономикадан және басқа да тұлғалардан төнетін түрлі қауіптерге төтеп беру үшін бар. •Адам құқықтарының жалпыға ортақ ұғымы құқықтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік, білім беру жүйелерін қалыптастыра бастауы — адамзаттың идеялар, тұжырымдамалар тұрғысынан дамуының өте маңызды кезеңі болып табылады. Бұны техникалық ғылымдар саласында IT технологиялармен салыстыра аламы з •“Қарапайым халық ешқашан адам құқықтарының әмбебаптығына наразылығын білдірген жоқ, қарапайым адамдар адам құқықтарын батыстық немесе еуропалық нәрсе деп де санамады. Бірақ көбінесе олардың басшылары осылай жасады. Кофи Аннан (БҰҰ-ның Ганалық бұрынғы бас хатшысы)
  • 14. Адам құқықтары мен жеке тұлғаның дамуы •Адам құқықтарын тұлғаның толыққанды болуына қол жеткізу шеңберінде түсіну қажет. •Тұлғаның толыққандығы — адами қадір касиеттің қорғалуы, әркімнің өз қабілеттерін аша білуі, физикалық, эмоциялық, психологиялық денсаулығының тұтастығының қамтамасыз етілуін керектіреді •Адам құқықтары — моральдік құқықтар, біздің өркениет пен мәдениет деңгейімізге тікелей қатысты. Сондықтан, адам құқықтары бағыттаушы, жөн сілтеуші. •Адам құқықтарын білетін және құрметтейтін, өркениетті тұлға өздігінен пайда болмайды. Бұндай тұлға әлеуметтік тұрғыдан қалыптастырылады яғни қоғамда қалыптастырылады. •Адам құқықтары өркениетті, моралдық тұрғыдан дамыған тұлғаларға қатысты, қарабайыр, қараңғы тұлғаларға емес. •Адам баласына оның туа біткен адами қадір қасиетіне лайық қатынас жасасақ, яғни адам құқықтарын құрметтеп солай әрекет ететін болсақ — уақыт өте келе, адами қадір-қасиетті құрметтейтін, өркениетті тұлғалардың пайда болғанын көреміз.
  • 15. Адам құқықтары мен қоғамдық өзгеру, эволюция •Адам құқықтарын білу арқасында біз тұлға ретінде дамиміз және қоғам өзгереді, адами қадір- қасиетке лайық/сай өмір сүре алатын орта жаратылады. •Заманауи адам құқықтары тұжырымдамасы алғашқыда утопия болса да, белсенді азаматтардың арқасында жүзеге аса алатын орасан зор әлеуметтік, мәдени және өркениеттік идеалға айналды. •Адам құқықтары талаптары — еркіндіктер мен құқықтарды күшейтетін қоғамдық өзгерістірге апарады. •Құқықтарға ие болу бізді қуаттандырады. “Құқығым бар” деп қабылдау — адамда және қоғамда өзгерістерге алып келеді, осыған байланысты жауапкершіліктер де пайда бола бастайды. •Адам құқықтары қағидаттары мен құндылықтары (1) құқықтық, (2) саяси тәжірибелерді, (3) ресми және (4) бейресми нормаларды, құрылымдарды/институцияларды қажетті жағдайларда сынауға және өзгертуге бағытталған (бейресми нормалар, қоғамда тараған және адам құқықтарына және заңның рухына қайшы келуі мүмкін түсініктерді білдіреді, м/ы рушылдық, патернализм, “дедовщина”, қатаң патриархал немесе матриархал түсініктер). • “Мен адам құқықтарына иемін” түсінігі, оның өмірде жүзеге асуы, осы құқықтардың басқалар тарапынан қабылдануы, осыған байланысты заңды құқықтың пайда болуы — адамзаттың саяси, құқықтық және демократиялық дамуындағы ең маңызды сатылары болып табылады.
  • 16. АДАМҚҰҚЫҚТАРЫменЗАҢДЫҚҰҚЫҚТАРайрымашылығы " #$%&!'(')*)!&+,!-%.$)!'(')'!/01$+2!+&+34!#$%&!'(')'5%1)!63781%9-%.$)':!;<=>?@9ABC@ADE!F*,G!5%1!&%*),%$%*)!-%.,%,! HI*%1)E!3+/+/0!IJ%1$).!,+K0-0,$+!%$%&,).!57%9/05L+,!'%$019'%3G+50,!'I1*%7!/%1!HM,+!IJ%1!3%F3G!HM,+!MJ+7&+550L! N-K+1035+1!H%3%2!%J%25),!MJ+7+5L+!G+!M&/+/%8!'(')'5%14! " O%.$)!'(')'!9!/+JK0J0!/01!'(')'5)'!%L50,0.!,M5GH+30,$+!8%2$%!/IJ%$)4 " P2980L01!/I35%,$)*)E!+.!%J$)&+,E!%$%&!'(')*)E!IJ!Q!%$%&,).!%$%&!/IJ7!5%/G*%5),%,!57),$%2$)4!RI,)&+,!'I3%E! $+&IL1%5GL%J)'!+J$+1$+!/(J!-%.$)!'(')'E!3+/+/0!I3)*%,!/%2J%,)35)!%1,%2)!-%.!/%14 " STL0&$0!%-%85%7*%!/IJ&%2$)E!%$%&!'(')'5%1),$%!/(*%,!%/3IJU5!5G)&!/%14!P3)J%2!/IJ7E!'(')'5)'!%L50,0.!,M5GH+30,$+! +&+3E!%$%&,).!%$%&!/IJ7)!3+/+850!;F*,G!/(*%,!/%2J%,)35)!'%23)!/01!+J$+!-%.!/IJ&%3%!$%E!,+&+3+!V%J)'%1%J)'! '(H%55%1*%!'IJ!'I2)8!'I3)J&%3%!$%E!/(*%,!HIJ!/+17K+!/IJ&%2$)D4!#J%2$%E!'I*%&$%!/(J!5W30,0L50!I1,)'5)17!WT0,! '7%55)!-%.!L+1+L4!#$%&!'(')*)!-%.$)!'(')'8+,!'I1*%J7!L+1+LX! " Y%-01K0!L+-$+!+L0!'(')'!5W10!LN8!H%*$%2$%!%35%3)8!H%5%$)4!#$%&!'(')'5%1)!(J55)'!-%.,%&%!T+./+10,$+!'I1*%J7)! &0,$+5504!#$%&!'(')'5%1),%!V%J)'%1%J)'!'(')'5)'!35%,$%155%1!L+80J$0L!/+1+$04! " #$%&!'(')'5%1),%!'%2T)!-%.!/IJ&%7!L+1+L4 " #$%&!'(')'5%1),).!H%J8)*%!I15%'5)*),!HM,+!%$%&!'(')'5%1)!'(,$)J)'5%1),!/0-$0.!'I*%&$%!5IJ)'!5W30,+!%J&%7$%! Z+.+350L!$M701$0.!)'8%J)!-I14!
  • 18. Абсолют адам құқықтары Топтардың адам құқықтары босқын, мигрант адам құқықтары Бала адам құқықтары Іргелі адам құқықтары Әйел адам құқықтары Ерекше сұранысы бар тұлғалардың адам құқықтары
  • 19. Іргелі/фундаментал адам құқықтары (барлығы емес) Өмір сүру құқығ ы Азаптауға, адами қадір- қасиетті қорлайтын жағдайларға ұшыратуға толықтай тиым [абсолют құқық] Тұлғаның еркіндік және жеке тұлғаға тиіспеушілік пен қауіпсіздік құқығы; Құлдық пен мәжбүрлі еңбекке салуға үзілді кесілді тиым; Әділ сот процессі құқығы, Заңсыз яғни заңда анық көрсетілмеген жаза қолданылмайды; Жеке және отбасылық өмірге, жеке тұлғаның үй -жайына және хат/басқалармен хабар алмасуға қол сұқпау; Ой еркіндігі [абсолют құқық болып да саналады], сенім мен дін бостандығы; Өз ойын/пікірін жеткізу бостандығы (ауызша, жазбаша, өнер тілімен, электронды ақпарат, басылып шыққан кітап және т.б.), сенімді ақпарат алу еркіндігі де кіреді. Жиналыс пен бірлестік бостандығы; Некелесу және отбасын құру құқығы; Білім алуға құқық; Денсаулық және денсаулық-сақтау құқықтары; Жеке мүлікті пайдалану құқығы; Еркін сайлау, саяси процестерге қатысу құқығы (м/ы, сайлау науқандары, мемлекет. органдардың есеп беруін талап ету, т.б.) Демократиялық жүйеге ие болу құқығы, Пайда болып келе жатқан іргелі адам құқықтарына мысалдар “қолжетімді интернет”, “интернет ортада жеке ақпараттың қорғалуы”, “адамзат генофондын қорғау”
  • 20. Адамның абсолют құқықтары: (1) ой бостандығы, (2) азаптауға және адами қадір-қасиетті қорлайтын жағдайға ұшыратуға толық/ абсолют тыйым; (3) құлдыққа толықтай тыйым (оның ішінде сексуалды мақсаттағы адам саудасы); (4) заң алдында тану құқығы; Ешқандай жағдай абсолют құқықтардың шектелуін негіздей алмайды. Абсолют құқықтар толықтай адами қадір-қасиетті қорғауға бағытталған. Келешекте “адами қадір-қасиетке ие болу” құқығы да абсолют адам құқығы ретінде қабылдануы мүмкін
  • 21. Адам құқықтарының әмбебаптығы, кімдік (идентичность) пен мәдениет Өзгермитін, қатып қалған кімдік (identity) бар деген түсінік отаршылдық (coloniality/колониальность) түсінігі. Отарлану кезеңін басынан кешірген халықтар әр түрлі постколониал және отаршылдық (coloniality) жағдайларына ұшырап жатады. Отарлау (colonization) бітсе де отаршылдық (coloniality) жалғаса береді. “Өзгермейтін кімдік (идентичность)” бар, “біздің мәдениет, салт өзгермейді” деген түсініктер отаршылдық түсінігі. Отарлаудың (colonization), отаршылдықтың (coloniality) зардаптары мен мәдени кенжелік арасында және адам құқықтарының дамымай қалуы арасында тікелей байланыс ба р Яғни мәдениет туралы ғылымға қайшы келетін, затында отаршылдық түсінігі — мәдениеттің «монолит», «біртектес» құбылыс екенін қабылдайды. Алайда, мәдениет өзгергіш, қатып қалған емес/динамикалық, гетероген, гибрид, өз ішінде әр-алуан. Кімдік те қатып қалған, «біртектес» құбылыс емес — көп қырлы, гетероген, динамикалық, қоршаған ортамен үнемі әрекеттеседі. Қысқасы, кімдік, дін, дәстүр өзгеріп тұратын, икемді, динамикалық. Адамның ақыл-ойы мен гуманизм мәдени дамудың қозғалтқышы. Жергілікті мәдениеттер мен діндер адам құқықтарымен үйлесетін гуманистік, әмбебап жорамалдар, түсініктер шығара алады. Бұны жасайтын зиялы қауым. 20 ғасыр басында Жәдидшілер мен Алаш зиялылыры осындай әлеуметтік жаңалау жасағысы келгенін айтуға толық негіз бар, Бұл деколониал көзқарас (келесі слайд)
  • 22. Отарсыздану/деколониал көзқарас пен адам құқықтары және Қазақстан • Отарсыздану/деколониал көзқарас қазақ мәдениеті мен қазақ кімдігінде, қазақ саяси ұлтында адам құқықтарының әмбебаптығын, жалпыға ортақтығын дамыту бағытындағы интеллектуал, рухани және мәдени кұрес. • Деколониал бағыттың ең үлкен мақсаттарының бірі отарланған елдер азаматтарына тапталған адами қадір қасиетті қайтып беру болатын. • Заманауи деколониал ойшылдар бұл идеяны ары қарай дамытты. Заманымызда шынайы отарсыздану — отарланған елдер қоғамдары мен мәдениеттерінде адами қадір қасиетті құрметтеуді негізгі идеяға айналдыру, бұны тұғыр қылу. Бұл заманауи адам құқықтарының айтып тұрғаны. • Бұндай мәдени, өркениеттік өсуді зиялы қауым жасайды . • "Қазақ мәдениеті заманауи адам құқықтары түсінігіне сәйкес дами алмайды-мыс", “қазақ кімдігі бұған қарсы- мыс” (Ислам діні де) деген ойлар - отаршылдық түсінігінен шыққан және кең мағынада нәсілшілдік болып табылады (нәсілшілдіктің жаңа анықтамаларына сәйкес) • Алаш зиялылыры қазіргі таңда өмір сүресе не істер еді? Менінше, Қазақстанда адам құқықтарының әмбебаптығын дамытуға ат салысар еді. Олардың жасағысы келгенін заманауи адам құқықтары тұжырымдасы өте жақсы сипаттай алады (м/ы, тұлға мен топтың өз келешегін өзі анықтау, өз-өзін басқару, ана тілінде білім алу, жерге ие болу құқығы, әйелдердің адам құқықтарын дамыту, т.б.) • Қазіргі күрделі кезеңде Қазақстан сияқты, полиэтникалық және поликонфессиялық, ең бастысы ешкімді отарламаған, басып алмаған, керісінше өз тарихында физикалық және мәдени геноцидке ұшараған мемлекет, адам құқықтарының әмбебаптығын, жалпыға ортақтығын қорғауға үлес қосуы керек.
  • 23. “Әл-кәрәмия әл-инсанийя” тұжырымдамасы - Исламдағы бұл тұжырымдама -- әр адам баласында жаратылысында, нәсіліне, жынысына, жасына, дініне байланыссыз, жалпыға ортақ, әмбебеп адами қадір қасиет пен абыройдың бар екенін білдіреді. (“Расында Адам баласын ардақтадық” (17:70), әр адамда, тұспарлап айтқанда, Құдайдың “бөлшегі” бар (32:9)) -Христиандықтағы “Imago Dei” тұжырымдамасына ұқсас. -Заманауи зайырлы адам құқықтарының натуралистік тұжырымдамасымен үндес болып келед і -Прогресшіл, ревизионист ислам ойшылдары мен белсенділер (м/ы, K.E. El-Fadl, A. Duderija, M.H. Kamali, O.Safi) және Ислам феминизмнің көрнекті өкілдері (м/ы, A.Wadud, F.Mernissi, K.Ali, A.Barlas) әр адам баласында жаратылысында бар, нәсіліне, жынысына, жасына, дініне байланыссыз, жалпыға ортақ адами қадір қасиет пен абыройдың бар екенін көрсететін “әл-кәрәмия әл-инсанийя” тұжырымдамасын Исламда негіз деп көрсетеді. Олар бұл тұжырымдаманы дүниетамдық және эпистемологиялық, яғни исламның жорамалдарын жасауда заманауи призма мағынасында қабылдайды.
  • 24. Қорытынды ойлар (1): •Адам құқықтары біздің даралығымызды да, сонымен бірге әмбебап болу арқылы біздің ғаламдық адамзат атты қауымдастықтың бөлшегі екенімізді аңғартады. Дұрыс түсінілсе, адам құқықтары әмбебаптық пен қайталанбас даралық арасындағы тепе-теңдікті орнықтырады. •Адам құқықтары тұжырымдамасы динамикалық, яғни тұрақты даму үстінде. •21-нші ғасыр шарттарында адам құқықтары — саяси, әлеуметтік, экономикалық жүйенің, мемлекеттік құрылымның, мәдениет, дәстіүр және діни түсініктердің негізгі тұғыры болуы керек. •Адам құқықтары жай ғана өмір сүру үшін емес, біздің адами қадір-қасиетіміз құрметтелетін, адами абыройға сай келетін өмір сүру үшін керек, айталық, озбыр саяси жүйе болмайтын, жеткілікті жалақы алатын, дер кезінде қажетті және сапалы дәрігерлік көмек алатын, тегімігізге, жынысымызға байланысты алалау көрмейтін өмір. •Неліктен демократиялық елдерде идеология іздеп әуре болмайды? Себебі, 21-ншы ғасырдың шынайы демократиясында негіз — адам құқықтарын қорғап одан ары дамыту
  • 25. Қорытынды ойлар (2): •Адам құқықтары әмбебап, барлығына тек адам болғаны үшін ғана тиесілі және өз ішінде бөлінбейтін, бөлуге келмейтін құқықтар. •Адамның туа біткен қадір-қасиетін құрметтеу — заманауи адам құқықтары тұжырымдамасының құндылық негізі. •Адам құқықтарын ата-заң да, басқа заңдар да бермейді. Олар адам құқықтарын қорғау, одан ары дамыту үшін қажет. •Қазақ қоғамында жаңа дискурсттар туғызу үшін, адам құқықтары ұғымының қазақты “бұзу" үшін шығарылған нәрсе емес екенін көрсету маңызды, •Адам құқықтары тұжырымдамасы — біздің күнделікті өмірімізге қатысты, ол абстрактты/ қияли, немесе қайсы бір азшылықтарға ғана қатысты, немесе Батыстан келген, “өзгеге тән, бізге жат” ұғым емес. Туа- біткен адами қадір қасиетті қорғауға арналған ұғым неге бізге жат болсын?! •Заманауи адам құқықтары тұжырымдамасы адамның қадір-қасиетіне, еркіндік пен құқықтарына төнетін қауіп-қатерлерге адамзаттың қалқаны ретінде қабылдануы керек құбылыс.
  • 26. REFERENCES: •Afshari, R. 2001. Human Rights in Iran. The Abuse of Cultural Relativism. Philadelphia: University of Pennsylvania Press . •Cruft, R.; S. Liao & M. Renzo. 2015. “The Philosophical Foundations of Human Rights: An Overview”. In Philosophical Foundations of Human Rights, edited by R. Cruft, S. M. Liao and M.Renzo, 1- 45. Oxford: Oxford University Press . •Duderija, A. (2017). The Imperatives of Progressive Islam (1st ed.). Routledge. https://doi.org/10.4324/978131543884 9 •Donnelly, Jack. 2013. Universal Human Rights in Theory and Practice. NED-New edition, 3. Cornell University Press . •Sandkühler, Hans J. 1998. “Pluralism and the Universality of Rights.” 20th World Congress of Philosophy. https:// www.bu.edu/wcp/Papers/Law/LawSand.htm . •Zhussipbek, G., Tasbolat, A. & Nagayeva, Z. 2024. ”Interdisciplinary Approach to Overcoming the Persistence of Patriarchal Islamic Interpretations: Gender Equality, the Development of Empathy and Children’s Rights, and Insights from the Reformist Eurasian Scholars of Early Twentieth Century”. Open Theology, 10 (1) https://doi.org/10.1515/ opth-2022-024 3 •Zhussipbek, G. 2021. Liberalism and Islam, Edited by Erica Marat & Rico Isaacs. Routledge Handbook of Contemporary Central Asia. Routledge. https://doi.org/10.4324/9780429057977-37 ; •Zhussipbek, G. & Nagayeva, Z. (2019). Epistemological Reform and Embracement of Human Rights. What Can be Inferred from Islamic Rationalistic Maturidite Theology?. Open Theology, 5(1), 347-365. https://doi.org/10.1515/ opth-2019-0030